Ағымдағы жылды 13-ші мамыр күні “Әйелдер (қыздар) денсаулығы тақырыбында №2 Ақтау қалалық Жастар денсаулық орталығының педиатры Әбішова Айнагул Ниязова, ювенолог-гинеколог Аскарова Асель Аскаровна келіп, 9-10-11 сынып қыз балаларымен кездесу, дәріс өткізді. Дәрісте репродуктивті денсаулық, жыныстық жетілу, етеккір циклі, интимді гигиена туралы түсіндірме жұмысын жүргізіп, оқушылар арасында қойылған сұрақтарға жауап алынды. ДТЖО Ж.Е.Жарылгасова қыздарға жеке бас […]
«Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін,, КММ -де ,,Оқуға құштар мектеп ,, жобасының 7- бағыты ,,Отбасылық оқудың дәстүрлері,, ,,Бір отбасы — бір кітап,, акциясы бойынша шараға мектеп кітапханасында отбасымен кітап оқитын 4 ,,в,, сынып оқушысы Есенқожа Інжу атасы; Мамедниязов Есенқожа, әжесі; Мамедниязова Қарлығаш қатысты.Мақсаты: Оқырман отбасын кітап оқуға шақыру,кітапхана мен отбасы арасындағы қарым — қатынасты […]
Ағымдағы жылдың 8-і Мамыр күні Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына орай “Елім барда-әнім бар”атты патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды. Шараға 5-8сынып білім алушылары қатысты. Мақсаты: ерлікті ұлықтап, отансүйгіштікке, адамгершілік пен патриоттық тәрбиеге баулу. Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды.Ұйымдаcтырған: ДТЖО Ж.Е.Жарылгасова, музыка пәні мұғалімі Жолдасбаева А
Құрметті Отан қорғаушылар! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ел қорғаны болу – үлкен жауапкершілік әрі мәртебелі міндет. Жүрегі елім, жерім, жұртым деп соғатын ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеуде Мектеп-Ата-Ана-Оқушы үштігін басшылыққа алып “Ең үздік сынып” челенджінің аясында 6 «Ә» сынып оқушыларының арасында жолдастық эстафета ойынын өткізіп, сынып ұлдарын мерекемен құттықтады.
Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шарамыздың басты қонақтары -мектеп ер азаматтары.Бүгін мектебімізде өткен мерекелік кеште ұстаздарымыз ән салып, би билеп, әсерлі көріністер қойып, нағыз рух пен жігердің үлгісін көрсетті. Бұл — жай ғана концерт емес, ер азаматтарға деген алғыс пен құрметтің шынайы көрінісі.Ұстаздарымыздың өнері — жүректен шыққан патриоттық рух пен елге деген махаббаттың белгісі! […]
“Оқуға құштар мектеп”жобасының “Әдеби Манғыстау”6-бағыты бойынша мектебіміздің 6”ә”сынып оқушылары “Қабиболла Сыдиықов” атындағы облыстық әмбебап кітапханасына саяхат жасады.Мақсаты:Оқу мәдениетін дамыту және кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.
1-мамыр “Бірлік күні”Осы мерекеге орай 5”А” Сақшы сынып Ақтау Қаласы Полиция Басқармасы ұйымдастарыған іс-шараға қатысты.Мақсаты-Оқушыларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету.Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
🇰🇿1Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Мерекеге орай мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастырған «Берекелі бірлік – ел тұғыры» атты 10-сынып оқушыларымен мерекелік шара аталып өтті. Әр ұлттың бір шаңырақ астындағы берекелі бейнесін көрсетіп қана қоймай, ауызбіршілік пен ынтымақтастықтағы көрінісін тамашалатты. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасын тауып, […]
Мектебізге академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінен мамандар келіп, 11-сынып оқушыларына оқу орнын таныстырылып, университет мүмкіндіктерін таныстырды.
Жол қауіпсіздігі (көшеде орын алатын жол көлік оқиғасының алдын алу шаралары) тақырыбында 10 сынып оқушыларымен өткен түсіндірме жұмыстары Мақсаты:Жол қауіпсіздігі, көшеде орын алатын жол көлік оқиғасының алдын алу, жолда жүру ережесін сақтауға,жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.Өткізілген күні: 25.04.2025 жыл Сағат: 11.00Қатысқандар: 10сынып білім алушылары• Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.Айдарбаева, Р.Бекібаева• Тәлімгер: […]