Үзілісті тиімді пайдалану мақсатында оқушылардың бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту шарасы өткізілді.
18 ақпан күні мектебімізде 11-сынып оқушыларына арналған Қаңтар ҰБТ қорытындысы және алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық жұмыстарына байланысты жиналыс өткізілді. Жиналысты мектеп директоры Шатенов Б.О. ашып, оқушыларға Қаңтар ҰБТ нәтижелерінің маңыздылығын атап өтті. Ол бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, сапалы білім мен жүйелі дайындықтың жоғары нәтижеге жеткізетінін айтты. Жиналыс барысында оқушыларға психологиялық дайындық, жауапкершілік пен […]
✨ «Дублер күні» — арманға бастар алғашқы қадам ✨ Мектебіміздің 9-сынып оқушылары «Дублер күні» жобасы аясында өз болашақтарына бір қадам жақындады. Олар бір күнге нағыз маман иелерінің орнында болып, еңбек пен жауапкершіліктің, табандылық пен мақсатқа ұмтылудың мәнін сезінді. 📍 Оқушыларымыз:🚗 Chery Aktau автосалонында жаңа Chery C8 моделінің таныстырылымына қатысып, заманауи бизнес пен қызмет көрсету саласымен […]
9 «Е» сыныбы – Дублер күні Дублер күні аясында 9 «Е» сыныбының оқушылары мектептегі түрлі мамандық иелерінің рөлін сомдап көрді.Бұл күні оқушылар психолог, медбике, ІТ маман, плотник, электрик және кітапханашы мамандықтарының қызметімен жақын танысып, олардың бір күндік жұмыс барысын өз көздерімен көріп, тәжірибе жинады. 🔹 Әр мамандық – үлкен жауапкершілік🔹 Әр қызмет – мектеп өмірінің […]
“№16 Саламат Мұқашев атындағы ЖББМ” КММ мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен түсірілген “Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!” атты туындысы. Әр адам сыйластық пен құрметке лайық. Бір-бірімізге түсіністікпен қарап, қолдау көрсету – қоғамның жауапкершілігі. Буллингке бейжай қарамай, бірге оның алдын алайық. Мейірімді орта қалыптастыру өз қолымызда.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында Ақтау қаласы ПБ ҚҚб ЮПб полиция аға лейтенанты Нұржанов Е.Р. 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті.Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың зияны, адалдық пен заңға бағынудың маңыздылығы туралы кеңінен айтылды.Оқушылар көкейдегі сұрақтарына жауап алып, пайдалы ақпаратпен бөлісті. Ұйымдастырған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серикова Г.Б.
Қазақ тілінде сөйлеу — тренд емесБұл — тамыр.Бұл — мінез.Бұл — кім екеніңді ұмытпау. Тренд өзгереді,ал тіл — ұлттың жаны.Қазақша сөйлеу — таңдау емес, жауапкершілік
22.01.2026 ж күні жоспарға сай “Педагог-модератор: тәжірибе,тиімді әдіс,нәтиже”атты модераторлар онкүндігінің ашылуы шарасы өткізілді.
Жоба тақырыбы: «ЖИ – оқушы көзімен» байқауы Байқау бағыты:«Жасанды интелект күнделікті өмірде» 11 «Б» сынып оқушысы Көбжан Жадыра Оқушымыз Жадыра жасанды интелектің көмегімен қазіргі қоғамдағы болып жатқан оқиғаларды ескере отырып Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты біріктіріп, тәрбие тақырыбын қозғаған. Тәрбие отбасынан басталады. Жастардың ертенгі болашағы бүгіннен бастап тәрбие алуы. 👩🏫Жоба жетекшісі: Құлмырзаева Бағдагүл Бұхарбайқызы 👏Оқушымызға […]
“ДосболLike” акциясы аясында “Достық қолыңды ұсын…” атты 5 “В” сыныбының оқушыларына арналған психологиялық тренинг өткізілді.