Оқушылардың дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруда «Нұр Отан» партиясының бастамасымен 2018 жылы ІТ кабиенті ашылды. 2024 жылы Ерекше білімді қажет ететін оқушылар үшін арнайы кабинет ашылды.Мұның бәрі — тәуелсіздіктің толағай табысы. Тәуелсіздігіміздің баяндылығы, еліміздің бақыты- ертеңгі ел тізгінін ұстар бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың жауапкершілігі ұстаздардың қолында. Олай болса, болашағы жарқын, келешегі кемел Маңғыстау […]
Тәуелсіздік жылдары мектебіміз көптеген жетістікке жетті.Шағын аудан тұрғындарының санының өсуіне байланысты 2003 жылы мектеп жанынан жаңа ғимарат қосылып, ата-аналар мен балалар қуанышқа бөленді. 2004 жылы қоғам қайреткері Саламат Мұқашевтың мектеп ауласына кеуде мүсіні орнатылып, мұражай ашылды. 2017 жылы қоғам қайраткерінің есімі мектепке берілді. 2017 жылы Саламат Мұқашевтың 90 жылдығына орай «Маңғыстау» кітабының тұсаукесері өтті.
1986 жылы Ақтау қаласы 27 шағын ауданда №16 жалпы білім беретін орта мектеп болып ашылып, алғашқы түлектерін қарсы алды. Содан бері 39 рет алғашқы қоңырау сылдырымен жас бүлдіршіндерін қабылдап, 39 рет жас түлектерін өз ұясынан ұшырды. Соның ішінде 11 түлек «Алтын белгімен», 31түлек «Ерекше аттестатпен»аяқтады.Қазіргі таңда 3334 оқушы, 256 мұғалім қызмет етеді. Педагог-зерттеуші- 42, педагог-сарапшы-34, педагог-модератор-85 Бүгінде Кузенбаев Жанибек Орынбаевич мектеп […]