Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
aktau_sh16@mail.kz
Қабылдау бөлімі :
+7 (7292) 41-23-38
Есепші бөлімі:
+7 700 203 2997
» » Дублер күні
17
Февраль
2026
1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

"Дублер күні"

✨ «Дублер күні» — арманға бастар алғашқы қадам ✨

Мектебіміздің 9-сынып оқушылары «Дублер күні» жобасы аясында өз болашақтарына бір қадам жақындады. Олар бір күнге нағыз маман иелерінің орнында болып, еңбек пен жауапкершіліктің, табандылық пен мақсатқа ұмтылудың мәнін сезінді.

📍 Оқушыларымыз:
🚗 Chery Aktau автосалонында жаңа Chery C8 моделінің таныстырылымына қатысып, заманауи бизнес пен қызмет көрсету саласымен танысты;
🏛️ Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мекемесінде мемлекеттік қызметтің қыр-сырын меңгерді.

👩‍🎓👨‍🎓 Жобаға белсене қатысқан оқушылар:
🌟 Мирхан Мирас
🌟 Марат Айым

Бұл күн — тек тәжірибе ғана емес, өзіне деген сенімділікті арттыратын, армандарды нақты мақсатқа айналдыратын маңызды қадам болды. Бүгінгі ізденіс — ертеңгі үлкен жетістіктің бастауы.

Біздің оқушылар — еліміздің ертеңі, болашақтың білікті мамандары! 💫
Алға қойған мақсаттарың биік болсын, жас түлектер!

Be the first to comment.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *