Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
aktau_sh16@mail.kz
Қабылдау бөлімі :
+7 (7292) 41-23-38
Есепші бөлімі:
+7 700 203 2997
» » «Отбасы күніне арналған сұхбат»
17
Сентябрь
2025
1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

"«Отбасы күніне арналған сұхбат»"

«Елтану» жобасы аясында Отбасы күніне орай ерекше сұхбат ұйымдастырылды. Шара облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен өтті.

Бағдарлама қонағы – Маңғыстау облысының отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиешісі Алшакүл Бекенбайқызы Туганбаева. Жастайынан жесір қалса да, ұл-қызын аялап өсіріп, бүгінде 6 немерелі ардақты әже атанып отыр. Қызы Мээрим Садабаева – қазіргі таңда біздің мектептің ұлағатты ұстазы, ал ұлы Қаныбек Бақытбекұлы – полиция қызыметкері,отбасылы, 4 баланың әкесі.

Сұхбат барысында Алшакүл ананың мейірімі, отбасылық құндылықтар, дәстүрді жалғастырудағы еңбегі ерекше үлгі ретінде айтылды. Шара соңында құран оқылып, бүлдіршіндер бата берді.

Мақсат: отбасының маңызын дәріптеу, сүйіспеншілік пен бірлікті насихаттау.
Жетекші: М.С.Шагирова

Be the first to comment.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *