05
Сентябрь 2025
"Көңілді қоңырау – Тілдер мерекесі"
Көңілді қоңырау – Тілдер мерекесіне арналады🇰🇿
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай мектебімізде «Көңілді қоңырау» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, білімдерін ортаға салды. Сондай-ақ мақал-мәтел айтып жарысып, өз тапқырлығын көрсетті. Мұғалімдер де оқушыларға жүрекжарды жылы тілектерін білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бұл мерекелік қоңырау баршаға шаттық сыйлап, тілдің қадірін ұғындыруға бағытталды.
Өткізген: Қазақ тілі бірлестігі.



Be the first to comment.