"Ата-аналар жиналысы"
🗓 12.09.2025 ж. күні 10-сыныптың ата-аналар жиналысы өткізілді.
👨👩👧 Жиналысқа ата-аналардың басым бөлігі белсенді қатысты.
Күн тәртібі:
1️⃣ Мектеп профориентологы Г.Н. Кибасованың таныстырылымы
2️⃣ Оқушылардың сабаққа қатысуы, тәртібі және мектеп формасын сақтау талаптары (ДТЖО М.Б. Садабаева)
3️⃣ Ата-ананың баласының оқуына және тәрбиесіне тұрақты бақылауы (Исбергенова А., Курманиязова Г.)
🔑 Таныстырылымда айтылған негізгі тақырыптар:
✨ Қазіргі заман мамандықтарының ерекшеліктері
✨ Оқушы қабілеті мен қызығушылығына сәйкес мамандық таңдау жолдары
✨ Еңбек нарығындағы сұранысқа ие салалар туралы ақпарат
✨ Кәсіптік бағдар беру тесттері мен әдістемелері
Жиналыс барысында ата-аналарға 📚 баланың мектепке уақытылы келуі, сабаққа дайындықпен қатысуы, мектеп ережелерін сақтау қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, мектеп формасын киюдің маңыздылығы және ата-аналардың қолдауы ерекше атап өтілді.
🤝 Бала тәрбиесі – мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі!



Be the first to comment.