Ұлы отан соғысының 80 жылдығы . Ұлы Отан соғысының батыры, мерген қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай қалалық “Жас -Қыран” жарысы 5-6-7 сыныптар арасында өткен жарысынан мектебіміздің 5”А” сынып оқушылар жүлделі 3-орынға ие болды. Жетекшісі: алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Досов А, сынып жктекшісі:Ходжабергенова Ж.
“Менің атам осындай……”Өткен тарихымызды қарап отырсақ, әртүрлі қитұрқылықпен екінші дүниежүзілік соғыс болған екен… 1941 жылдың жазында фашистік Германия Кеңес Одағына басқыншылықпен Ұлы Отан соғысын бастады. Бұл соғыс – Екінші дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі болып табылды.Биыл миллиондаған адамның өмірін жалмаған Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл. Осы сұрапыл соғыс қасірет әкелмеген, қайғы шектірмеген […]
“Baby skills-2025” қалалық кәсіби шеберлік чемпионатында “машина жасау технологиясы”, “графикалық дизайн”, “төтенше жағдайларда қорғау” бағыттары бойынша мектебіміздің бүлдіршіндері жүлделі орындарға ие болды. Жас өнертарқыштарды құттықтаймыз.🥳👏😍🤩
«Ұлттық Мектеп Лига” жарыстарының қорытындысы ⚽️ ⚽️”Былғары доп” футбол спорт түрі бойынша қалалық жарысынан №16 С.Мұқашев атындағы ЖББМ оқушыларының футбол командасы қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды. Қатысушыларды жеңісімен құттықтаймыз. Жетекшілері: дене тәрбиесі пәні мұғалімдері Орашбаев Еркін, Абаев Ихсат.
Ағымдағы жылдың 8-і Мамыр күні Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына орай “Елім барда-әнім бар”атты патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды. Шараға 5-8сынып білім алушылары қатысты. Мақсаты: ерлікті ұлықтап, отансүйгіштікке, адамгершілік пен патриоттық тәрбиеге баулу. Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды.Ұйымдаcтырған: ДТЖО Ж.Е.Жарылгасова, музыка пәні мұғалімі Жолдасбаева А
Құрметті ер азаматтар Сіздерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің жарқын болашағы үшін атқарып жатқан игі істеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бақытты ғұмыр тілейміз.Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын. Еліміздің тыныштығы мен бейбіт тірлігінің сақшылары Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Құрметті Отан қорғаушылар! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ел қорғаны болу – үлкен жауапкершілік әрі мәртебелі міндет. Жүрегі елім, жерім, жұртым деп соғатын ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеуде Мектеп-Ата-Ана-Оқушы үштігін басшылыққа алып “Ең үздік сынып” челенджінің аясында 6 «Ә» сынып оқушыларының арасында жолдастық эстафета ойынын өткізіп, сынып ұлдарын мерекемен құттықтады.
Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шарамыздың басты қонақтары -мектеп ер азаматтары.Бүгін мектебімізде өткен мерекелік кеште ұстаздарымыз ән салып, би билеп, әсерлі көріністер қойып, нағыз рух пен жігердің үлгісін көрсетті. Бұл — жай ғана концерт емес, ер азаматтарға деген алғыс пен құрметтің шынайы көрінісі.Ұстаздарымыздың өнері — жүректен шыққан патриоттық рух пен елге деген махаббаттың белгісі! […]
Батырларымыздың өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында тарихи деректермен бөлісуді жалғастырады. Бүгін біз Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың нағашысы, майдангер-прокурор Бисембай Хабиев туралы айтып өтеміз. Ол соғысқа дейін Ақтөбе облысында прокурордың көмекшісі болып қызмет етіп, 1941 жылы 312-атқыштар дивизиясының әскери тергеушісі ретінде майданға аттанады. Венгрия жерінде Жеңіс күнін қарсы алған Бисембай Хабиев «Қызыл […]
Abu Dhabi Jiu Jitsu Pro (AJP) жарысы өтті! Кезекті халықаралық AJP турнирі жоғары деңгейде өтті! Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мықты спортшылар жиналып, шеберліктерін көрсетті. Белдесулер өте тартысты, эмоцияға толы өтті. Джиу-джитсу спорты күннен-күнге дамып, жаңа биіктерге көтеріліп келеді. Мектебіміздің 10 “в” сынып оқушысы Құралбай Мирлан Астана қаласында өткен халықаралық джиу-джитсу спортында (62-69 кг) салмақ дәрежесінде бақ […]