"“Менің атам осындай……”"
“Менің атам осындай……”
Өткен тарихымызды қарап отырсақ, әртүрлі қитұрқылықпен екінші дүниежүзілік соғыс болған екен… 1941 жылдың жазында фашистік Германия Кеңес Одағына басқыншылықпен Ұлы Отан соғысын бастады. Бұл соғыс – Екінші дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі болып табылды.
Биыл миллиондаған адамның өмірін жалмаған Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл. Осы сұрапыл соғыс қасірет әкелмеген, қайғы шектірмеген бірде бір шаңырақ жоқ десе де болады. Қаншама боздақты жер жастандырған, қаншама ошақтың отын сөндірген, қан кешу майданында Отан үшін, біздің бейбіт, жарқын болашағымыз үшін майдангер әкелеріміз арын байрақ, намысын найза етіп, қаһармандық пен жанқиярлықтың өшпес үлгісін көрсетті. Олар жауға қарсы оқ болып атылып, от болып жанды. Жеңісті жақындатып, қаншама жауынгер майдан даласында мерт болды. Ал, алапат соғыстан елге аман-есен оралған ардагерлер, бейбіт өмірде де өскелең ұрпаққа ерлік пен еңбектің өнегелі өрісін танытып, адал қызмет етті. Сол ардақты ардагерлеріміздің қатары сиресе де, оларға деген құрмет пен тағзым ешқашан аласармақ емес. Бұл- ерлік, бұл – жеңіс, тарихтың алтын әріппен жазылған парағы болып қала береді.
Мен – майдангер атамның шөбересімін, әжемнің айтуымен майдангер атамның Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі туралы сөз етпекпін.
Осы соғысқа бастан-аяқ қатысып, от пен оқтың қиын жолдарын жүріп өткен майдангерлердің бірі, менің майдангер атам — Сисембаев Шам
Майдангер атам-Сисембаев Шам, 1919 жылдың 14 қаңтарында бұрынғы Гурьев облысының (қазіргі Маңғыстау облысы), «Красный Долгинец» ауылында (қазіргі Қаламқас кенорны маңы) балықшы отбасында дүниеге келіп, 6 жылдық мектепті аяқтаған соң, балықшы колхозында еңбек жолын бастаған.
1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, Грузияның Батуми қаласындағы әскери училищесінің кіші командирлер дайындайтын курсына қабылданады. Курсты бітірген соң 1941 жылдың маусым айында 24 атқыштар бригадасының құрамындағы 83 атқыштар полкінің командирі болып тағайындалып, жауынгерлік жолын майдан даласында жалғастырады.


Be the first to comment.