"9–10 сынып арасында құқық бұзушылықтың алдын алу"
9–10 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шарасы туралы жиналыс өтті.
Мақсаты:
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Іс-шара барысы:
2025 жылдың 17 қазан күні мектепте 9–10 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізілді. Шараға Ақтау қаласы ПБ ЖПҚб ЮПБ аға УПИ, полиция майоры Э. А. Абдуллаева,
Маңғыстау ОПД ҚҚБ ЮПТ аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Сырманов Айбек Қалдыбаевич,
Маңғыстау ОПД ҚҚБ ЮПТ учаскелік полиция инспекторының міндетін атқарушы, полиция капитаны Калубаева Райса Курбанбаевна,
және мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары Темірхан Саматұлы қатысты.
Шара барысында құқық қорғау органдарының өкілдері кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, құқық бұзушылықтың түрлері мен салдары, әлеуметтік желідегі киберқауіпсіздік, мектеп ішіндегі тәртіп сақтау мәселелері туралы кеңінен әңгімеледі. Оқушыларға нақты мысалдар келтіріліп, сұрақтарға жауап берілді.
Нәтижесі:
Іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Қатысушылар заң талаптарын сақтау қажеттігін түсінді және өз құқықтары мен міндеттері жөнінде толық ақпарат алды.



Be the first to comment.