"Ата-аналар жиналысы – 2025"
Мектебімізде «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында 7 «Ә» және 7 «В» сыныптарының бірлескен жаңа оқу жылының алғашқы ата-аналар жиналысы өтті.
📌 Жиналыстың мақсаты:
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Жиналыс барысында ата-аналар комитетінің жұмысы, балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесі, мектеп формасының талаптары, буллингтің алдын алу сынды маңызды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар сыныптың ата-аналар комитетінің төрағасы мен мүшелері сайланды.
Баланың тәрбиесі – тек мектептің ғана емес, ең әуелі ата-ананың да үлкен жауапкершілігі. Бірлесе отырып, балаларымыздың болашағын жарқын етейік!
Сынып жетекшілері: Имангалиева Гульназ Койшыгалиевна, Құдайбердиева Асылхан Жұбанқызы



Be the first to comment.