"Педкеңес 2025-2026 ж"
🔹25.08.2025ж.күні мектебімізде 2025-2026оқу жылына арналған педкеңес өтті.
🔹15 тамызда Астанада еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен ұстаздардың республикалық Тамыз конференциясы өтті. Мемлекет басшысы білім беру саласындағы негізгі басымдықтарды айқындап берді. Біздің ортақ міндетіміз – олармен танысып, мектепте іске асыру.
🔹Тамыз конференциясында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев саланың жетістіктері мен алдағы жоспарларын жан-жақты атап өтті. Біз бұл бағыттарды жұмысымыздың негізі етуіміз қажет.
🔹Басты бағдарымыз – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы. Бұл – әр сабаққа, әр сыныптан тыс іс-шараға енгізілуі тиіс тұтас философия. Бағдарламаның мақсаты – білімді, отаншыл және жасампаз ұрпақ қалыптастыру. Биылғы оқу жылында тәрбие жұмысы 6 базалық құндылық аясында жүргізіліп, әр ай белгілі бір құндылыққа арналады. Мысалы, қыркүйек – еңбекқорлық пен кәсібилік айы, қазан – тәуелсіздік пен патриотизм айы. Мұның барлығы сіздердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарларыңыз бен тәрбие сағаттарының жоспарына енгізілуі тиіс.
🔹Екінші маңызды бағыт – жасанды интеллектіні (ЖИ) оқу процесіне біріктіру. Биылдан бастап біз ЖИ-ді жүйелі түрде енгізуді бастаймыз. Бұл компьютер мұғалімді алмастырады деген сөз емес. ЖИ – уақытты үнемдейтін әрі оқыту әдістерін кеңейтетін біздің цифрлық көмекшіміз.


Be the first to comment.