Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
aktau_sh16@mail.kz
Қабылдау бөлімі :
+7 (7292) 41-23-38
Есепші бөлімі:
+7 700 203 2997
» » Қылмысты болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, нашақорлықтың зияны тақырыбында 9-10-11 сынып оқушыларымен кездесу
09
Январь
2025
1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

"Қылмысты болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, нашақорлықтың зияны тақырыбында 9-10-11 сынып оқушыларымен кездесу"

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің « №16 Саламат Мұқашев атындағы ЖББМ» КММ-де «Қылмысты болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, нашақорлықтың зияны » тақырыбында 9-10-11 сынып оқушыларымен өткен кездесу.
Мақсаты: кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтық білімдерін арттыра отырып, электронды темекі шегу, насыбай, бопсалау, ұрлық жасау т.б. қылмыс түрлерінің зардабы туралы ақпарат беріп, алдын алу ережелерін ұсыну,бейнероликтер арқылы түсіндірме жұмыстары.
Қатысқандар:
• Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.Айдарбаева, Ж.Жарылгасова, Т.Досжанов.
• Тәлімгер: А.Оңғарбаева.
• Мектеп инспекторы: А. Бердіхан
• 9-11 сынып ұлдары;
Қатысушы қонақтар:
• Ақтау қаласы полиция басқармасының жедел уәкілі полиция лейтенанты С.Тоқсанбай.
Мектеп инспекторы Бердіхан Ақжол Қуандықұлы ұлдар жиналысына келген қонақтарды таныстырып, бүгінгі іс-шараның мақсатымен таныстырып, қазіргі қоғамда орын алып жатқан нашақорлық, ұрлық, зорлық-зомбылық түрлерін атап, оны болдырмаудың жолдарын түсіндірді.
Ақтау қаласы полиция басқармасының жедел уәкілі полиция лейтенанты С.Тоқсанбай
қазіргі таңда кәмелетке толмаған жасөспірімдері арасындағы белең алған қылмыстың түрлеріне тоқталып өтті. Соның ішінде әсіресе ұрлық жасау, бопсалау фактісінің көп екенін айта кетті. Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы электронды темекі шегу, насыбай, алкогольді ішімдік қолданудың салдары және оның нәтижеінде қолданылатын тиісті жазалардың түрлерін жіктеді.

Be the first to comment.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *