"Әскери патриоттық шара"
Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай әскери патриоттық шара өтті. Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу – бұл тұлғаның, елдің, оның мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсетеді, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады.Рухани және тұлға жағынан дамып, жетілуіне жүйелі әрі нысаналы түрде ықпал ететініне сенімдіміз. Қатысқандар: ДТЖО Жарылгасова Ж.Е, Досжанов Т.С, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері Ертлевов М.Б, Досов. А, дене тәрбиесі пәні мұғалімдері және 10 сынып білім алушылары.🇰🇿🇰🇿🇰🇿




Be the first to comment.