Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
aktau_sh16@mail.kz
Қабылдау бөлімі :
+7 (7292) 41-23-38
Есепші бөлімі:
+7 700 203 2997
» » Әкелер форумы
15
Декабрь
2024
1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

"Әкелер форумы"

Мектебімізде “Тәуелсіздік тұғыры-ер азаматтар ерлігі” атты Әкелер форумы өтті. Форумға Республикалық Әкелер Одағы бірлестігінің Маңғыстау филиалының төрағасы А.Қонарбаев, облыстық филиалының төраға орынбасары Н.Сейлханов, облыстық филиалының төраға орынбасары Б.Азанов, облыстық филиалының төрағасы М.Жайлиев, Әкелер кеңесінің мүшесі, “Намыс” әкелер клубының мүшесі М.Ахметов қатысып, қазіргі қоғамда белең орын алып жатқан оқиғалар, әкенің қоғамдағы орны, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру.Әке шаңырағы – теңдесі жоқ тұңғыш өмір мектебі.Қазіргі уақытта жұмыс басты аналар мен әкелердің барлығының бірдей балаларды тәрбиелеуге уақыттары бола бермей, соңында отбасындағы тәрбиеге жұмсалатын еңбек өте өнімсіз еңбекке айналуда. Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, «тегіне тартқан» дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін өнеге қылып,айтып отырады. Өйткені, әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. «Бір әкенің тәрбиесін — жүз мектепте бере алмас», — деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Қатысқандар: ДТЖО Айдарбаева Г, Жарылгасова Ж, Досжанов Т, әкелерге арнап өз тренингімен бөліскен мектеп психологы Балмұқанова А, мектеп білім алушылары.

Be the first to comment.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *