Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
aktau_sh16@mail.kz
Қабылдау бөлімі :
+7 (7292) 41-23-38
Есепші бөлімі:
+7 700 203 2997
» » Облыс прокуроры Айдос Майлыбаев
23
Май
2025
1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

"Облыс прокуроры Айдос Майлыбаев"

Құрметті түлектер, Сіздерді мектеп бітіру мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл күн сіздердің ұзақ жылдар бойғы еңбектеріңіздің, ұстаздар мен ата-аналардың қамқорлығы мен қолдауының нәтижесі.Сіздер мемлекеттің болашағысыз және ата-аналарыңыздың тірегісіз, ересек өмір енді басталды. Алдарыңызда көптеген жолдар мен мүмкіндіктер ашылады.
Мектеппен қоштасу – тек бір кезеңнің аяқталуы ғана емес, үлкен өмірге, азаматтық жауапкершілікке бастар жолдың басы.Сонымен қатар заң алдындағы толық жауапкершіліктің басталуы.Бұл дегеніміз — құқық бұзушылықтың кез келген түрі үшін жауапкершілік жүктеледі.
Ендігі жерде әрбір қабылдаған шешімдеріңіз, жасаған әрекеттеріңіз жеке жауапкершілікпен тікелей байланысты болады.Құқықтық жауапкершілік – болашақ өміріңіздің негізі.
Әрқайсыңыз өз жолыңызды таба алуыңыз өте маңызды.Әрине, мақсатқа жету жолында қиындықтар мен сәтсіздіктер болады, бірақ оның бәрі уақытша қиындықтар.Әр нәрсені жүзеге асыру барысында заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылыққа жол бермеу, есірткі, спирттік ішімдіктер, құмар ойындардан аулақ болу қажет.Сол кезде жеке, кәсіби және шығармашылық жетістікке жетесіз, ал армандар міндетті түрде орындалады.Талпыныңыз, армандаңыз, алға батыл жүріңіз, ақ жол!
Облыс прокуроры Айдос Майлыбаев

Be the first to comment.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *