"Адамгершілік пен руханилық-психологияның қайнар көзі"
Ағымдағы жылдың 14-ші мамыр күні «№16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша «Адамгершілік пен руханилық-психологияның қайнар көзі» атты тақырыбындағы облыстық психологиялық тренинг іс-шарасы өтті.Мақсаты: Жастардың бойында адамгершілік пен рухани құндылықтарды нығайту арқылы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.
Қатысушылар: ДТІЖО, психолог, әлеуметтік педагог
Қатысушылар саны: 85
Газимов Нұрлан Қалдыбайұлы – Ақтау қаласы қоғамдық даму орталығы дін мәселері бойынша ақпараттық талдау бөлімінің жетекшісі, дін танушы
Баяндама: «Дін мен экстремизмді шатастыру мәселесі»
Исамбаева Нуржамал Ашимовна — Ақтау қаласының №31 жалпы білім беретін мектеп психологі, Ақтау қаласының психологтар қауымдастығының мүшесі, Ақтау қаласы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі, Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық қолдау орталығының мүшесі.
Тренинг: Өзін-өзі тану және мағынасын іздеу «Менің ішкі компасым» жаттығуы
Джумабаева Даулетбике – Ақтау қаласының белсенді қоғам қайраткері, Аналар кеңесінің мүшесі, кәсіби тренер-коуч, және №13 гимназияның психологі.
Тренинг: Тұлғалық тұрақтылық «Менің ішкі шекарам», «Цигун элементтері»
Сәттурганова Айдана Ермекбайқызы – Маңғыстау облысының білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің психолог-әдіскері.
Интелектуалды шабуыл – «Манипуляция мен идеологиялық әсер»
Топтық жұмыс: «Қандай сенімге иланар едің?»
Қорытынды:
Іс-шара аясында қатысушылар өздерін тереңірек тануға, ішкі құндылықтарын бағалауға, және радикалды идеологияларға қарсы психологиялық тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған жаттығулар мен талқылауларға белсене атсалысты. Кері байланыс барысында тыңдаушылар тренингтің мазмұны пайдалы, мазмұнды әрі ой салатын болғанын атап өтті. Іс-шараның қатысушыларға рухани әрі психологиялық қолдау көрсетуде маңызы зор болды.




Be the first to comment.