Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
aktau_sh16@mail.kz
Қабылдау бөлімі :
+7 (7292) 41-23-38
Есепші бөлімі:
+7 700 203 2997
» » Ата-аналар жиналысы
13
Май
2025
1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

"Ата-аналар жиналысы"

Ағымдағы жылдың 13-ші мамыр күні ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа Маңғыстау облыстық емханасының мамандары келіп қазіргі таңда жас өспірімдер арасында белең орын алып отырған нашақорлық және ПАЗ жөнінде түсірдірме жұмыстарын жүргізді. ESPAD зерттеуі — психоактивті заттарды (ПАЗ) қолданудың таралуын, үлгілерін, қауіп факторларын және салдарын зерттеудің ғылыми дәлелденген әдісі. Бұл зерттеу қандай заттардың, қандай мөлшерде, қандай жас және әлеуметтік топтарда қолданылатыны туралы деректер жинауға көмектеседі, сондай-ақ ПАЗ қолдану мен басқа әлеуметтік, медициналық және мінез-құлық аспектілері арасындағы байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді. ESPAD жобасының негізгі мақсаты — 13-18 жастағы оқушылар арасында темекі, алкоголь және наркотиктерді қолдану туралы салыстырмалы деректер жинау. Ұзақ мерзімді ең маңызды мақсат — оқушылар арасында темекі, алкоголь және наркотиктерді қолдану жағдайын мониторингтеу және жеке өңірлер мен білім беру ұйымдарының деңгейінде тенденцияларды зерттеу. Мектеп директоры Ж.О.Кузенбаев 12ші мамыр күні қалада орын алған мектеп аралық топтық төбелес туралы ата-аналарды ақпараттандырып, топтық төбелестің, құқықбұзушылық зардабын, барынша бала тәрбиесіне аса мән беруді айтты. Бұдан бөлек алдағы мектеп жоспарын да таныстыра өтті. ДТЖО Ж.Е.Жарылгасова бала тәрбиесі мен білімі ата-ананың басты назарында, құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын, жүргізілген жұмыстар ақпараттарымен бөлісті.

Be the first to comment.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *