"9-10-11 сынып қыз балаларымен кездесу"
Ағымдағы жылды 13-ші мамыр күні “Әйелдер (қыздар) денсаулығы тақырыбында №2 Ақтау қалалық Жастар денсаулық орталығының педиатры Әбішова Айнагул Ниязова, ювенолог-гинеколог Аскарова Асель Аскаровна келіп, 9-10-11 сынып қыз балаларымен кездесу, дәріс өткізді. Дәрісте репродуктивті денсаулық, жыныстық жетілу, етеккір циклі, интимді гигиена туралы түсіндірме жұмысын жүргізіп, оқушылар арасында қойылған сұрақтарға жауап алынды. ДТЖО Ж.Е.Жарылгасова қыздарға жеке бас гигиенасы туралы және қыздардың бойындағы ерекше қасиет ана болу мәселесі жайында ашық түрде әңгіме жүргізіп, көптеген кеңестер берді. Кеңес беру барысында қыздардың етегі қысқа киімдер кимеу, шаштарын жаймау, өз бойындағы табиғи сұлулықты сақтау керектілігін түсіндірді.
Қатысқан білім алушылар саны:150




Be the first to comment.