25
Апрель 2025
"Министр кездесуі"
🇰🇿Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбай аймақтағы білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды. Құжаттың мақсаты – облыстағы оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және білім беру инфрақұрылымын дамыту.
📚Кездесу аясында білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, алдағы уақыттағы нақты шараларды белгіледі. Сонымен қатар министр өңірдегі бірқатар білім беру мекемелерін аралап, педагогикалық ұжымдармен кездесті.







Be the first to comment.