"Білім күні 01.09.2024"
1 қыркуйек — Білім куні кутты болсын!
Бірінші қыркуйек әрдайым керемет мереке және білімнің, жаңа ашылулардың, жетістіктер мен жеңістердің, достармен және дана тәлімгерлермен, тәрбиешілермен кездесудің, және қызықты әлемге саяхаттың басталу күні.
Бұл күн бәріміз үшін маңызды. Президентіміз Қ.Тоқаев атап өткендей, цифрлық дәуірдегі жаңа білім мен дағдылар жаңа буынның болашақ, табысының кілті болып табылады.
С.Мұқашев атындаты жалпы білім беретін Nº16 мектебінде, 2024 жылдың 1-кыркуйек Білім күніне арналған «Мектебім — мейірім мекені» атты іс-шара салтанатты түрде аталып өтті. Салтанатты жиынға 1 және 11 сынып оқушылары қатысты.
Шараның мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білімге деген ұмтылысын, еңбекқорлығын, жауапкершілік пен сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік атмосфера құру. Шараға мектеп ұстаздары,ата-аналар, оқушылар қатысты. Жаңа оқу жылын 1-сынып бүлдіршіндері «Мектебім — мейірім мекені» атты сынып сағаттарымен бастады. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге ақ, жол тілей отырып,барлықтарыңызды Білім күнімен құттықтаймыз.




Be the first to comment.