"«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы"
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ақтау қаласы «№16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ зиянды әдеттердің (шылым, электрондық шылым, алкогольдік ішімдіктер, нашақорлық) алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔹 Тыңдалды:
Ақтау қаласы АГП №2 профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің психологтары:
Касанова Э.Н., Тогжанова Д.А., Куандикова Ж.К., Толеп Д.Г.
Мамандар оқушыларға зиянды әдеттердің адам денсаулығына тигізетін кері әсері туралы кеңінен түсіндіріп, құқықтық жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.
📌 Іс-шара барысында оқушыларға сұрақтар қойылып, олар белсенді түрде жауап беріп, өз пікірлерін білдірді.
✨ Негізгі мақсат – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру.




Be the first to comment.