Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
aktau_sh16@mail.kz
Қабылдау бөлімі :
+7 (7292) 41-23-38
Есепші бөлімі:
+7 700 203 2997
» » «Ұшқыр ой алаңы » жобасы
02
Апрель
2026
1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

"«Ұшқыр ой алаңы » жобасы"

«Ұшқыр ой алаңы » жобасы аясында,мектеп оқушылары арасында “Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам” тақырыбында дебат өтті. Дебаттың мақсаты – білім алушылардың интернеттегі қауіпсіздік туралы білімдерін арттыру, сыни ойлау қабілеттерін дамыту және өз пікірлерін дәлелді түрде жеткізе білуге үйрету.

Дебат барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, өз ұстанымдарын қорғады. Бірінші топ цифрлық технологиялардың пайдасын атап өтіп, оның білім алу, ақпарат алмасу және қарым-қатынас орнатудағы маңызын дәлелдеді. Ал екінші топ интернеттегі қауіптерге тоқталып, жеке мәліметтердің таралуы, кибербуллинг және интернет-алаяқтық сияқты мәселелерді көтерді.

Қатысушылар нақты мысалдар келтіріп, өз ойларын сенімді жеткізе білді. Сонымен қатар қарсы тараптың пікіріне сұрақтар қойып, өз дәлелдерін күшейтті. Дебат барысында оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары деңгейде болды.

Қорытындылай келе, дебат қатысушыларға цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді. Интернетті дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану – әрбір қолданушының жауапкершілігі екені атап өтілді.

Be the first to comment.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *