Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
aktau_sh16@mail.kz
Қабылдау бөлімі :
+7 (7292) 41-23-38
Есепші бөлімі:
+7 700 203 2997
» » «Балалар кітапханасы» бағдарламасы
26
Декабрь
2025
1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

"«Балалар кітапханасы» бағдарламасы"

Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына арналған ерлік сабағы

26.12.2025 ж. Мектеп кітапханасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие жобасы бойынша «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Батыр тұлға — Бауыржан» атты Бауыржан Момышұлына арналған 8 «в» сынып оқушыларымен «Ұшқан ұя» шығармасын талдау өтті. Кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Сабақ барысында Б. Момышұлы өмірбаяны, еңбек жолы туралы қызықты ақпарат айтылып, Б.Момышұлының шығармашылық мұраларына тоқталып, «Ұшқан ұя» шығармасын талдап, оқушылар викториналық және тест сұрақтарына жауап берді. Сабақ барысында оқушылар Бауыржан атамыз жайлы мол ақпарат алды. Сабақ соңында оқушылар кітап көрмесімен танысты.

Сабақтың мақсаты: Бауыржан Момышұлының өмірімен, шығармашылығымен, ерлік жолдарымен таныстыра отырып, елін, жерін құрметтеу және батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі ерлігін бүгінгі ұрпаққа барынша үлгі етіп көрсету, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Өткізген кітапханашылар : Таскымбаева Л.
Танбаева Г.
Қатысқандар: 8 «в» сынып оқушылары.

Be the first to comment.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *