"Жасанды интеллект арқылы түйіндеме"
📌 Бүгін 11-сынып оқушылары үшін ерекше сабақ–тәжірибе алаңы өтті!
Сабақтың тақырыбы: «Жасанды интеллект арқылы түйіндеме (резюме) жасаудың тиімді жолдары».
Қазіргі заманда дұрыс құрылған резюме – болашақ мамандыққа жасалған алғашқы қадам. Ал ЖИ құралдары бұл процесті әлдеқайда жеңіл, жылдам және кәсіби етеді.
Тәжірибе барысында оқушылар:
✨ Резюменің негізгі бөлімдерін дұрыс толтыруды;
✨ ЖИ платформаларын тиімді қолдану жолдарын;
✨ Өз дағдыларын, қызығушылықтарын дұрыс көрсету тәсілдерін;
✨ HR талаптарына сай құжат дайындаудың лайфхактарын меңгерді.
Оқушылар тапсырмаларды өздері орындап, дайын резюмелерін бірден қолына алып шықты.
Бұл — олардың еңбек нарығына дайындық деңгейін арттыратын маңызды тәжірибе.
💡 Болашаққа сенімді қадам – дұрыс дайындалған резюмеден басталады!




Be the first to comment.