04
Декабрь 2025
"Дебат"
2025 жылдың 4 желтоқсанында «Жастар неге шет мемлекетте білім алуға құмар?» тақырыбында дебат өтті. Шараның мақсаты – оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру, еркін ойлау мен шешендік қабілеттерін дамыту, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру болды.
Дебатқа екі команда қатысып, өз көзқарастарын дәлелді түрде қорғады. Ойын барысында оқушылар өз пікірін мәдениетті түрде жеткізіп, тыңдаушыны сендіру дағдыларын көрсетті.
Нәтижесінде, «Үздік оратор» және «Үздік аналитик» номинациялары тағайындалып, жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы марапат қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы ерекше байқалды.



Be the first to comment.