"«Адал азамат» біртұтас тәрбие жобасы"
«Адал азамат» біртұтас тәрбие жобасы «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында ҚМДБ Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті және Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен «Артық білім кітапта…» атты 12 жастағы жасөспірімдер арасында кітап оқу сайысы өтті. Сайыс — көрнекті ғалым, қазақ халқының тұңғыш академигі, Қазақ КСР Ғалым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевқа арналған. С. Хасанның «Қаныш Сәтбаев кім?» атты кітабын талқылау.
Мақсаты: Қаныш Сәтбаевтың өмірі, ғылымға қосқан үлесі, геология саласындағы еңбектері туралы мағұлмат беру, мәтінмен жұмыс, талдау дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Көрнекіліктері: видео, кітап көрмесі, Қ. Сәтбаев туралы жазылған ақын-жазушылардың шығармалары, портрет
Қатысқандар: 7«а» сынып оқушысы А. Манарбек, пән мұғалімі А. Мұратова, 7«ж» сынып оқушысы С. Мұқаш, пән мұғалімі Э. Абилкариева және кітапхана меңгерушісі Л.Ш.Таскымбаева. Қатысқандар алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.





Be the first to comment.