Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
aktau_sh16@mail.kz
Қабылдау бөлімі :
+7 (7292) 41-23-38
Есепші бөлімі:
+7 700 203 2997
» » «Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат»
12
Декабрь
2025
1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

"«Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат»"

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 34 жылдығына орай мектебімізде «Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, елін сүйетін жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, Желтоқсан оқиғасының маңызын ұғындыру және тәуелсіздік жолында құрбан болған аға-апалар рухына тағзым ету.
Іс-шара Әнұранмен басталып, жүргізушілер Тәуелсіздіктің тарихи мәні мен еліміздің жетістіктеріне тоқталды. Оқушылар тәуелсіздік туралы өлең жолдарын оқып, қазақ биін орындады.
Тарихи сахналық көріністе Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және Абылай ханның бейнелері сомдалып, олардың ел бірлігін нығайтудағы рөлі көрсетілді. Бұл көрініс арқылы оқушылар қазақ халқының бірлікке шақырған ұлы тұлғаларының өнегелі сөздерімен танысты.
Сонымен қатар, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы деректер ұсынылып, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев сынды боздақтардың ерлігі еске алынды. Олардың рухына арналған 1 минут үнсіздік жарияланды. Шара барысында Желтоқсан оқиғасына арналған бейнефильм көрсетіліп, оқушылардың тарихи оқиға туралы түсінігі тереңдеді.
Оқушылар патриоттық әндер орындап, «Еркесылқым» күйі мен ұлттық билер көрермен назарына ұсынылды. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі дамуы, елдің тыныштығы, бірлігі, жасөспірімдердің болашаққа деген жауапкершілігі жөнінде мазмұнды ой-пікірлер айтылды.
Тәрбиелік іс-шара барысында «Тәуелсіздік шежіресі» атты шағын көрме ұйымдастырылып, онда егемендік жылдарындағы маңызды тарихи сәттерді айғақтайтын деректер мен фотоматериалдар ұсынылды. Оқушылар көрмемен танысып, тәуелсіздік жолындағы тұлғалардың еңбегі туралы ақпарат алды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті, оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, тарихи білімдерін кеңейтуге ықпал етті. Шара өз мақсатына толық жетті.
Тәрбиелік іс-шара мазмұны жағынан бай, тәрбиелік мәні жоғары болды. Оқушылардың белсенділігі жақсы деңгейде. Шара оқушыларды елін сүюге, ұлттық бірлікке, тарихты құрметтеуге тәрбиелеуге оң ықпал жасады.

Дайындаған: 5 «а» сынып жетекшісі Амандық А., кітапханашы Таскымбаева Л.
11.12.2025 ж.

Be the first to comment.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *