Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
aktau_sh16@mail.kz
Қабылдау бөлімі :
+7 (7292) 41-23-38
Есепші бөлімі:
+7 700 203 2997
» » «Теңге – тәуелсіздігіміздің жетістігі»
17
Ноябрь
2025
1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

"«Теңге – тәуелсіздігіміздің жетістігі»"

Бүгін мектебімізде «Теңге – тәуелсіздігіміздің жетістігі» тақырыбында Линкольн–Дуглас форматындағы пікірсайыс өтті. Бұл форматтың ерекшелігі — екі спикердің қарарды құндылық пен критерий тұрғысынан талдап, өз ұстанымдарын логикалық дәлелдермен қорғауында. Қатысушылар осы талаптарды жоғары деңгейде орындап, тақырыпты жан-жақты талқылай білді.
Мектеп ұжымы пікірсайыс барысында оқушылардың ойды жүйелі құра білуі, қарсы пікірге рефутация жасау қабілеті және сөйлеу мәдениеті айқын көрінгенін атап өтті.
Қазылар шешімі бойынша:
Жеңімпаз — Абаев Ақыл.
Екінші орын — Бердімұрат Илиясқа берілді.
Екі спикер де жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, пікірталасқа белсенді қатысқандығы үшін мақтауға лайық.
Мектеп атынан барлық қатысушыларға рақмет айтылып, осындай шаралар оқушылардың ойлау қабілетін, шешендік өнерін және талдау дағдыларын дамытатыны ерекше атап өтілді.

Be the first to comment.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *