Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
aktau_sh16@mail.kz
Қабылдау бөлімі :
+7 (7292) 41-23-38
Есепші бөлімі:
+7 700 203 2997
» » «Адал азамат» біртұтас тәрбие жобасы
01
Декабрь
2025
1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

"«Адал азамат» біртұтас тәрбие жобасы"

2025 жылдың 28 қарашасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие жобасы «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында қазақ халқының көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына арналған мектеп кітапханасында 9 «к» сынып оқушыларының қатысуымен патриоттық сағат өтті. Іс-шара барысында оқушылар М. Дулатовтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен танысып, оның қазақ халқының азаттығы жолындағы күресі мен ағартушылық қызметінің маңызы туралы терең мағлұмат алды. Оқушылар назарына жазушының өмірбаяны туралы видеоролик көрсетілімі ұсынылып, оқушылар Қожақова Аружан, Утеушева Алсу, Сабырбек Данара, Нагметжанова Жансая, Батырбек Сабина, Таңатаров Жарас ақынның өлендерін жатқа оқыды. Жазушының жарық көрген кітаптарынан « Алаштың шынары» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды. Міржақып Дулатов – ұлт руханиятының іргетасын қалаған, ел болашағы үшін күрескен тұлға. Мұндай сабақтар жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін арттырып, тарихи тұлғаларға деген құрметті қалыптастырады.

Мақсаты: Міржақып Дулатовтың өмірбаянымен таныстыру, яғни, ақынның азаматтық жырларына тоқталу, өмірі мен шығармашылығын түсіндіру барысында оқушылардың туған еліне, халқына, Отанына деген сүйіспеншілігін ояту.

Сабақтың көрнекіліктері: видео, кітап көрмесі, М. Дулатовтың шығармалары, портрет
Қатысқандар: 9 «к» сынып оқушылары және сынып жетекшісі М. С. Шагырова

Be the first to comment.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *