Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
aktau_sh16@mail.kz
Қабылдау бөлімі :
+7 (7292) 41-23-38
Есепші бөлімі:
+7 700 203 2997

Қош келдіңіздер!

Толығымен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
""
12
Декабрь
2024
“Жас суретшілер” жарысы

“Өнегелі 15минут” тақырыбы аясында 4 сынып оқушылары арасында “Жас суретшілер” жарысы ұйымдастырылды. Мақсат: оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге қалыптастырып, жан дүниелерін рухани байыту, адамгершілікке, елжандылыққа, білімге құштар болуға ,тазалыққа тәрбиелеу.

""
11
Декабрь
2024
Жас Сақшылар сыныбының челленджі

Тәуелсіздік күні🇰🇿 — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі құтты болсын. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында 5”А” “Жас Сақшылар” сыныбының дайындаған челледжін қабыл алыңыздар. Сынып жетекшісі: Ходжабергенова Ж.

""
11
Декабрь
2024
“Шекара бұрышы” ашылу салтанаты

”С.Мұқашев атындағы №16 ЖББМ”КММ-де ҚР ҰҚҚ ШҚ әскери қызметшілері мен ардагерлері бірігіп Отанымыздың тыныштығын қорғау мақсатында Еліміздің шекара шебін күзетуге түсінік беру мақсатында мектебізде “Шекара бұрышы” ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынға арнайы қонақ болып Маңғыстау облысы бойынша “Тәжік-Ауған” соғысы ардагерлерінің “Сардар” қоғамының төрағасы Асхат Ғайсаұлы Абдуллин, “Застава” Республикалық қоғамдық бірлестігінің төраға запастағы полковник В.А.Колпаков,”Ана жүректері” […]

""
10
Декабрь
2024
Ұлттық құндылық-ұрпаққа аманат

3 сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында “Ұлттық құндылық-ұрпаққа аманат” атты концерттік бағдарлама.

""
10
Декабрь
2024
АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының маманымен кездесу

«С.Мұқашев атындағы №16 ЖББМ» КММ-де “Маңғыстау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы” маман, эпидемиолог Утаргулов А.Б 9-10-11 сынып оқушыларына АИТВ инфекциясы туралы негізгі түсінік беріп, есірткі тұтыну,жұғу жолдары бойынша қысқаша бейнеролик көрсетті. Инфекцияның алдын алу жолдары, жеке бас гигиенасы, байланысқа дейінгі және кейінгі шара жөнінде профилактика жұмыстары жүргізіліп, оқушыларды топқа бөліп, ойын ретінде сұрақ-жауап алынды. […]

""
09
Декабрь
2024
Жас Ұлан

Мектебіміздің 5-сынып үздік оқушылары “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылданды.“Жас Ұлан” — келешек ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым. Ұйымның негізгі мақсаты- оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. “Жас Ұлан” ұйымына 50 оқушы қабылданды.

""
09
Декабрь
2024
“Суды үнемді тұтыну” атты сынып сағаты

5 “з” сыныбына “Суды үнемді тұтыну” атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: суды үнемді тұтыну және судағы қауіпті жағдайларды тануға, жазатайым оқиғалардың алдын алуға үйрету, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.Сынып сағаты барысында мұғалім негізгі ақпараттарды таныстырып, түсіндірді. Әрі қарай оқушылар қима қағаздардың көмегімен “Су — тіршілік көзі” атты макетті құрастырды. Топтық жұмыс кезінде оқушылар бірігіп, судың […]

""
06
Декабрь
2024
Ә.Кекілбаев шығармашылығына арналған дебат

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған “Әбіш Кекілбаев шығармалары қазіргі заман жастарына қаншалықты өзекті?” қарарында дебат өтті. Дебатта оппозиция және үкімет өз пікірлерін қорғап, дебат қорытындысы бойынша оппозиция жеңіске жетті. Ал “Үздік аналитик” номинациясымен Әнебай Шырын, “Үздік оратор” номинациясымен Амандық Айжұлдыз марапатталды. Дебат ұйымдастырушылары: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ақмағанбет Айнұр,Армиева Арайлым.

""
06
Декабрь
2024
Ә.Кекілбаевтың 85 жылдығына дөңгелек үстел

Маңғыстау өңірінің кемеңгер жазушысы Ә.Кекілбаевтың 85 жылдығына орай 10 “А” сынып оқушыларына Ә.Кекілбаевтің «Күй»повесіндегі мәңгүрттік аңызы туралы дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: жазушының өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқтала отырып, «Күй» повесіндегі мәңгүрттік аңызымен таныстыру.«Мәңгүрт» сөзінің мағынасын ашу.Жас ұрпақты рухани мәңгүрттіктен аулақ болуға шақыру.Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Амандық Айжұлдыз

""
27
Ноябрь
2024
Оқуға құштар мектеп

Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген шарада Әбу Насыр Әл-Фарабидің “Қайырымды қала” атты кітабы талқыланып, кітап оқуды насихаттау шарасы ұйымдастырылды. 8 «Ә» сыныбының оқушылары қатысты.Бұл еңбек – философиялық терең ойлар мен қоғам дамуының негіздерін түсіндіретін құнды мұра.Оқушыларды:• білімге ұмтылуға;• рухани және интеллектуалдық дамуға;• әділдік пен өзара түсіністікке шақырады. Мақсаты:Кітап оқуды насихаттау және оқуға шақыру, […]