Қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігінде пән мұғалімі М.Утебаева 17.10.25 ж. 10 “Г” сыныбына “Ескендір” поэмасы” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігінде пән мұғалімі Э.Абилкариева 15.10.25 ж. 8 “В” сыныбына “Би Темірге айтқан бірінші толғау” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Бүгін мектебімізде Ұлттық тестілеу орталығының директоры оқушылармен кездесу өткізді.Кездесу барысында түлектерге ҰБТ тапсыру ережелері, қауіпсіздік талаптары және академиялық адалдық қағидалары түсіндірілді. Бұл кездесу оқушыларға алдағы сынаққа жауапкершілікпен және дайындықпен қараудың маңыздылығын көрсетті. Барлық түлектерге сәттілік тілейміз! 🎓💫
📌 Жаңа апта – жаңа серпін!Бүгін, дүйсенбі күні, Саламат Мұқашев атындағы №16 мектебі аптаны дәстүрге сай еліміздің Мемлекеттік Әнұранымен бастадық. 🇰🇿✨ 👉 Мақсаты:Оқушылардың бойында патриоттық рухты, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерімізге құрмет көрсету. Әнұранды бірге шырқау – бірлігіміздің, рухымыздың, елімізге деген сеніміміздің айғағы. 💙💛
С Днём учителя! 🎓4 «Л» класс искренне благодарит каждого учителя за труд, терпение и преданность своему делу.Поздравляем вас с профессиональным праздником и желаем вдохновения, здоровья и радости в каждом дне! 🌷Классный руководитель: Каменова Сара
Әкімшілік полиция басқармасының мамандары оқушыларға қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Аға инспектор, майор, полковник Ахметов Ж.С. жолдағы қауіпсіздік жайлы кеңес берді.Полиция капитаны Дүйсенбаев Д.С. үйдегі және әлеуметтік желідегі қауіпсіздікті сақтау жолдарын түсіндірді.Мамандар балаларға күнделікті өмірде сақтық шараларын орындаудың маңызын атап өтті.Бұл ақпараттық жұмыс оқушылардың жауапкершілігін арттыруға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.
📢 Қайнар әскери-патриоттық клубы ашылды! Сен ойшылсың, нағыз патриотсың, тәртіппен өмір сүресің!Белсендісің, спортқа құмарсың ба? 🏃♂️⚽️Онда дәл саған арналған мүмкіндік! ✨ Қайнар әскери-патриоттық клубында сені:🔹 Әскери-тактикалық ойындар🔹 Спорттық жарыстар🔹 Жаңа қырларыңды ашу🔹 Жаңа достар мен ерекше тәжірибе күтеді! Бұл – жай ғана клуб емес. Бұл – сенің жаңа ортаң, үлкен мүмкіндігің!
Мектебімізде «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында 7 «Ә» және 7 «В» сыныптарының бірлескен жаңа оқу жылының алғашқы ата-аналар жиналысы өтті. 📌 Жиналыстың мақсаты:«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Жиналыс барысында ата-аналар комитетінің жұмысы, балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесі, мектеп формасының талаптары, буллингтің […]
19 қыркүйек күні мектебімізде 5–11 сынып ата-аналарына арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша мектепішілік жиналыс өтті. Жиналыс барысында:• бағдарламаның мақсаты мен мазмұны таныстырылды;• оқушылардың тәрбиесі мен үлгеріміне қатысты маңызды мәселелер талқыланды;• ата-аналардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Барлық қатысқан ата-аналарға белсенділік танытқаны үшін алғыс айтамыз! 🙏 🤝 Балаларымыздың жарқын болашағы үшін бірлесе жұмыс жасайық!
Бүгінгі «Кәжекей күніне» белсенді қатысып,ұлттық киімімізді дәріптеп, қазақы болмысты көркем үлгімен көрсете білген барша ұжым мүшелері мен оқушыларға шын жүректен алғыс білдіреміз! Сіздердің ұлттық нақыштағы киімге деген ықыластарыңыз — ұлтқа деген құрметтің, дәстүрге деген жанашырлықтың жарқын көрінісі.Рухани жаңғыру өзімізден басталады.